Софья Берульцева Түркиядағы турнирде жүлдегер атанды

0 9

Қазақстандық Софья Берульцева Анталья қаласында халықаралық Karate1 Premier League – Antalya 2024 турнирінде қола жүлдеге ие болды.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Токио олимпиадасының жүлдегері Софья Берульцева іріктеу кезеңінде өз тобынан үздік шығып, жүлдегер атанды.

Софья алғашқы айналымда 4:3 есебімен бельгиялық Мулоло Офелияны, одан кейін Титта Кейнаненді (Финляндия) тізе бүктірді.

Ширек финалда португалиялық Рита Оливейраны ұтты. Тек жартылай финалда германиялық Книр Йоханнаға есе жіберді. Қола үшін шайқаста С.Берульцева 8:6 есебімен Англия спортшысы Софья Рошель Уолтерстен басым түсті.

Aikyn.kz.