Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы дүниеге үшем әкелді.
“Otyrar.kz” сайтының мәліметінше, сәбилердің үшеуі де ұл. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді. «Қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанды. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640 грамм, үшіншісінің салмағы – 1610 грамм», делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шаралар жасаған. Содан кейін палатаға шығарған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшем мен олардың анасын перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Айта кетсек, жыл басынан бері Шымқалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.