Қостанайда «Chevrolet Onix» шығарылады

0 0

Қостанайда Chevrolet Onix автомобильдерінің шағын құрамдас бөліктері өндірісі іске қосылды. Жоба жылына 30 мың автокөлік шығаруға арналған. Инвестициялар 33,7 миллиард теңгені құрап, 400 жаңа жоғары білікті жұмыс орны ашылды.

2022 жылы General Motors компаниясымен Қазақстанда «Chevrolet CKD» өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылған болатын. Сол жылы желтоқсан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев телекөпір арқылы жобаны іске қосты.

Жобаны жүзеге асыру үшін технологиялық шешімдер мен өндірістік жабдықтардың жетекші жеткізушілері тартылды. «Chevrolet Onix» автокөлігі «General Motors» сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы, жоғары дәлдіктегі лазерлік дәнекерлеуді қамтамасыз ететін роботтанған лазерлік дәнекерлеу технологиясы арқылы шығарылады.

Қазіргі уақытта заманауи роботтық жабдықтарды қолдану арқылы технологиялық процестерді автоматтандырудың жоғары деңгейіне ие болатын пластикалық бояу шеберханасының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар еліміздегі бірінші Автокомпоненттерді өндіру бойынша локализация орталығын салу жұмыстары жүргізілуде.

– Біз өндірісті жылына 50 мың автокөлікке дейін ұлғайта алдық.  Қазақстан қазір әлемдегі ең үлкен «Chevrolet» нарығында жетінші орында. Бұл біздің табысты серіктестігіміздің айғағы, – дейді» General Motors International» президенті Шилпан Амин.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.