Өңірлік мерзімді басылымдардың республикалық форумы өтуде

0 28

Алматы қаласындағы «Достық» үйінде  өңірлік баспа басылымдарының республикалық форумы өтуде. 

Форум ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен  биыл екінші рет өткізілуде. Мақсаты – өңірлік мерзімді басылымдардың әлеуетін күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарын жетілдіру болып табылады.

Форумда журналистік материалдарды жазудың жанрлық түрлері мен стилистикасы, дәстүрлі және жаңа медиа, аймақтық БАҚ-ты дамыту, қате қолданыстағы сөздер мен тіркестер, басылымдардың сапасын арттыру және оқырмандарға уақтылы жеткізу мәселелері талқылануда.

Екі күн бойы жалғасатын форумда түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар форум аясында ақпарат саласына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін бірқатар азаматтар марапатталатын болады.