Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

0 9

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауға жазылған 15 азаматтың мәселесін тыңдады. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы, Талас ауданының тұрғындары бар.

Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй, жол және жер саласына қатысты ұсыныстары мен өтініш-тілектерін жеткізді. Өзге де мәселелер бойынша шағымдарын білдірді.

Өңір басшысы жауаптыларға өтініш иелерінің мәселелерін мұқият зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау бойынша тапсырма берді.