Бірлік, достық пен келісім – біздің қоғамымыздағы ең маңызды құндылықтардың бірі. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Меркі аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» тәрбиеленушілері үшін есте қаларлық және жарқын іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні балалардың жанында ата-аналары, сондай-ақ құрметті қонақтар да болды. «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрайымы Күлайым Шағатова, Бос жұмыс орындары мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Омар, ПМПК педагог-психологы Ботагоз Досмаханбетова және Қазақстанның танымал әншісі, жұлдыз Адам-Фаррух Тохтамұратова қатысты.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі Адам-Фаррух Тохтамұратовтың «Жүрек» атты әнін орындауы болды. Балалар мен ата-аналар және қонақтар бұл әнді «тірі дауыста» тыңдады. Әннен кейін, барлық қатысушылар жұлдызбен естелікке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.
Мерекінің жалғасында «Меркі аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының» ұжымы мен тәрбиеленушілері сахнаға шықты. Олар бірнеше топқа бөлініп, Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен мәдени ерекшеліктерін көрсетті. Осы арқылы қонақтар қазақ, қырғыз, өзбек, үнді, түрік және басқа да ұлттардың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Балалар мен ұжым мүшелерінің дайындығы ерекше болды. Олар әр ұлтқа тән сәлемдесулерін өз тілінде айтып, ұлттық киімдерін киген, билер мен әндер, театралды көріністер арқылы көрермендерді баурап алды. Сондай-ақ, ұлттық тағамдардың хош иісі залды ерекше атмосферамен толтырды. Барлық көріністер, шығармашылық нөмірлер шынайы шапалаққа ие болды, көрермендер бұл өнерді жоғары бағалады.
Мерекенің соңында әр түрлі номинацияларда жеңімпаздар анықталды. Бірақ басты жеңімпаз – әрдайым достық болды. Балалардың өнерпаздығы мен ұжымның ұйымдастырушылық шеберлігі арқасында бұл мереке шынымен есте қаларлық болды. «Меркі аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының» меңгерушісі Клара Ракаева сөз сөйлеп, достық пен келісімнің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мерекеге қатысқан ата-аналар да ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. Олар мұндай шаралардың адамдарды біріктіруде, балаларға өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беруінде үлкен мәні бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналар баршаға тыныштық, бақыт, сенім және болашаққа үміт тілеп, осындай мерекелердің елімізде жиі өткізілуін құптады.
Бұл іс-шара балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына, сондай-ақ қонақтарға да достық пен бірлік мәнін сездіруде маңызды рөл атқарды. Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет арқылы қоғамда ынтымақтастық пен сыйластықты дәріптеу – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды. Балалардың өнер көрсетуі, сахналық қойылымдары мен ұлттық тағамдар арқылы өткізілген іс-шара қатысушылардың жүрегінде ерекше естелік қалдырды.
Достық пен мәдени әртүрліліктің мерекесі – бұл тек көңілді шара ғана емес, сонымен қатар балалардың әлеуметтенуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналған үлкен сабақ. Бұл күні барлық қатысушылар достықтың, сыйластық пен бірліктің шын мәнін сезініп, мерекеден ерекше әсер алып қайтты.
Мерекенің соңында айтылғандай, осындай іс-шаралар балаларға өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. «Достық – ең басты құндылық» деген сөзді іс жүзінде дәлелдеген бұл мереке, әрбір қатысушының жүрегінде ұзақ уақыт есте қалады.