Илон Маск негізін қалаған «Neuralink» компаниясы сал адамдарға мидың имплантын орнату арқылы денесін басқаруға мүмкіндік беретін технологияны зерттеуді бастады.
Компания «N1» импланты арқылы робот қолды басқару мүмкіндігін зерттеуге рұқсат алғанын мәлімдеді. Жоба «Convoy» деген атаумен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі имплант науқастарға компьютерді, планшетті басқаруға, ойын ойнауға мүмкіндік береді. Енді компания 10 жылдың ішінде бұл технологияның мүмкіндігін арттыруға ден қойып отыр. Сонымен қатар «Neuralink Blindsight» жобасы аясында туғанынан зағип адамдарға көру қабілетін қайтару технологиясы әзірлену үстінде.