Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын хабарлады.
Салық сомасы 2024 жылғы айлық есептік көрсеткішке (3692 теңге) негізделіп есептеледі. Көлік иелері төлеуге тиісті соманы «kgd.gov.kz» веб-порталындағы калькулятор немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.
Салық органдары жыл сайын көлік құралдарына салынатын салықты автоматты түрде есептейді. 2025 жылғы 11-31 наурыз аралығында есептелген салық сомасы туралы ақпарат банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH хабарлама түрінде жіберіледі.
Салық сомасын тексеру үшін:
- kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисін;
- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын;
- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдалануға болады.