Есірткісіз, қауіпсіз болашақ қалыптастырайық

0 0

Есірткіге қарсы заң және профилактика – қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау, сату және қолдану адам денсаулығына ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасында есірткі айналымына қарсы қатаң заңдар қабылданған.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тарату және өндіру қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бұл әрекеттер үшін айыппұл салу, бас бостандығынан шектеу немесе ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған. Әсіресе жасөспірімдердерді есірткіге тарату ауыр қылмыс болып есептеледі.

Есірткінің алдын алу жұмыстары – қоғамның ортақ міндеті. Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналасуға жағдай жасау, психологиялық және құқытық түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Ата-ананың да рөлі ерекше. Баланың ортасына көңіл бөліп, сенімді қарым-қатынас орнату арқылы зиянды әдеттердің алдын алуға болады. Қоғам болып күрескен жағдайда ғана есірткісіз, қауіпсіз болашақ қалыптастырамыз.