Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электрон түрде беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі. Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Клиент жеке кабинетте тіркелу үшін СДАО қызметін пайдаланады. Кейін биометриялық сәйкестендіру немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғысы арқылы алынған биометриялық деректер қолданылады.
Клиенттің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі туралы деректерге және банк шотының деректемелеріне (терминалдар арқылы микрокредит беруді қоспағанда) өзгерістер енгізу, клиенттің жеке кабинетінде СДАО қызметін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғысы арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін қолдану арқылы жүргізіледі.
«Электронды тәсілмен микрокредит беру микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік шотынан клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) ақша аудару жолымен, сондай-ақ клиентке терминал арқылы қолма-қол ақшаны беру және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды қарыз алушы сатып алатын тауарларға немесе орындаған жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады», делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Құжатта тұлғалардың биометриялық сәйкестендіру деректері сақталатыны жазылған.
Қазақстанда онлайн несие алу тәртібін өзгертуді көздейтін құжат 8 сәуірге дейін көпшілік талқысына ұсынылған.