Елімізде Әкелер күні тойланып жатыр
Бала тәрбиесінде қашан да әкенің рөлі өте зор және мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі де – осы.
Қазақстанда Әкелер күні аталып өтуде.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы енгізілген бұл мереке елімізде отбасы құндылықтарын насихаттап, әкелер институтын нығайтуда маңызды қадам болды.
Бүгінде «Әкелер одағының» еліміздің 12 өңірінде филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ Астананың әр мектебінде арнайы өкілдігі бар. Олардың балаларды қолдауға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ЮНИСЕФ жобаларына қатысуы қоғамға шынайы қызмет етудің жарқын үлгісі.
Осы күзде IX Республикалық Әкелер форумы өтеді. Бұл іс-шара Қазақстандағы әкелер институтының дамуы мен отбасы саясатының өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналады деп сенеміз.
Барлық әкелерді бүгінгі тамаша мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілейміз! – делінген мәліметте.