Былтыр 3,5 млрд теңгенің екі аукционы өткізілді

0 5

Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай зерттеу алаңын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізуді тапсырды. Жер қойнауын пайдалануға құйылатын инвестицияларды арттыру мақсатында мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына еліміздегі пайдалануға жарамды жер қойнауының барлық аумағы енгізілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров мәлімдеді.

Осылайша, бүгінгі күні заңнамада көзделген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға жарамды барлық аумақ ашық. Техникалық түзету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады. Қазіргі қолжетімді алаң – 1,9 млн шаршы шақырым.

«Былтыр 74 жер қойнауы учаскесі бойынша құны шамамен 3,5 млрд теңгені құраған екі аукцион өткізілді. Биыл 30 маусымға дейін қайтарылған 23 кен орны бойынша аукцион өткізіледі. Сондай-ақ 83 резервтік кен орнын аукционға шығару жоспарлануда. Аукциондар ел аумағындағы орташа қайта бөлу көрсеткішінен төмен емес өнім өндірісін іске қосу, өңірлерді әлеуметтік дамытуға аудару бойынша міндеттемелерді ескеріп өткізілетін болады», деді спикер.