Бүкіл қоғамның ортақ міндеті

0 2

Нашақорлық – қоғам денсаулығына, ұлт болашағына үлкен қауіп төндіретін әлеуметтік мәселердің бірі. Есірткіге тәуелдік адамның денсаулығын әлсіретіп қана қоймай, отбасының берекесін кетіріп, қылмыс пен құқық бұзушылытың көбеюіне себеп болады. Сондықтан бұл мәселемен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс.

Қазіргі таңда қоғамдық бастамалардың рөлі ерекше артып келеді. Әр түрлі жастар ұйымдары, еріктілер қозғалыстары, үкіметтік емес ұйымдар және белсенді азаматтар жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіп насихатталуда. Бос уақыттын тиімді өткізген жасөспірім жаман әдетке әуес болмайды. Ауылдар мен қалаларда спорт алаңдарын көбейту, шығармашылық үйірмелерді дамыту – нашақорлықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Отбасындағы тәрбие мен мейірімді қарым-қатынас баланы теріс жолдан сақтайды.

Нашақорлықпен күрес – тек заңмен шектелмейтін, қоғамдық ынтымақтастықты қажет ететін мәселе.