Батырлар ерлігі – ұрпаққа үлгі

0 0

Ұлы Жеңіс – халқымыздың тарихында, әр қазақтың жүрегінде ерекше орын алатын маңызды күн. Бұл батыр аталарымыздың ерлігі мен тылда еңбек еткен жандардың маңдай терінің арқасында келген жеңіс. Бүгінгі бейбіт өмірдің сол сұрапыл соғыста жанын қиған ерлердің арқасында келгенін ұмытпау баршамыздың қасиетті борышымыз.

Біздің гимназияда «Патриот» айлығы аясында көптеген қызықты және тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өтуде. Мысалы, біз Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, олардың өмірі туралы көп мағлұмат алдық. Олар бізге соғыстың қиын кезеңдері туралы айтып берді.

Ал 10-сынып оқушылары «Жеңіс» саябағына барып, батырларға тағзым етті. Ал 8-10 сыныптар арасында шығарма байқауы, 5-7 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауларда оқушылар өз ойларын шығармашылық түрде жеткізе білді. Сонымен қатар, 6-сынып оқушылары «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты фотокөрме өткізді. 8-сынып оқушылары «Желбіре, Жеңіс жалауы!» тақырыбында бейнероликтер дайындады. Жоғары сынып оқушылары әскери адамдармен кездесіп, әскери өмір туралы білді. Біз сондай-ақ ардагерлердің отбасыларына көмек көрсетіп, құрмет білдірдік. Мектепте «Отты жылдардың жалынды хаттары» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Осындай іс-шаралар бізге Жеңістің қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі. Біз батырларымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Менің ойымша, Ұлы Жеңіс тек өткеннің тарихы емес, ол біздің болашағымызға үлгі. Егер біз өткенді құрметтесек, еліміздің болашағы жарқын болады.