«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
«Бағдат Мусинге Қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі – «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз», деп атап өтті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Еске сала кетейік, бір ай бұрын Бағдат Мусин Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған еді.