Аяздағы марафон

0 4

Әрі бәсеке әрі мереке саналатын марафонның да түр-түрі бар. Мәселен, жақында ғана Якутияда – 43 градус аязда желаяқтар жарысы өтті.

Сайыс ұйымдастырылған Оймякон ауылы – әлемдегі ең суық елді мекеннің бірі. Мұнда сынап бағанасы 1933 жылы – 67,7 градусты көрсеткен. Жалпы, марафонда Ресейдің түкпір-түкпірінен келген 50 шақты марафоншы бақ сынады. Олардың арасында әуесқой әрі кәсіби спортшылар да бар. Қатысушылар марафонның бірінші күні 5, 10, 15, 20 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Ал екінші күні 42-50 шақырымдық мәре сызығын бағындырды.