Астанада қойма өртенді

0 1

Бүгін, 18 наурызда таңғы сағат 07:20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, – деп хабарлайды “Salyq-gazet” ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала болжам бойынша өрт 1000 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамынан 65-тен астам адам және 15 техника жұмылдырылды.