ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

0 6

Рамазан – аразды татуластыратын, адамды араластыратын, алысты жақындататын, әр жақсылыққа мың сауап жазылатын қасиетті ай. Ораза ізгілігімен, жасалған қайырымдылығымен ерекешеленеді.

Рамазанда артылған жауапкершіліктің салмағын Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің ұжымы естен шығарған емес. Керісінше мұқтаж жандарға көмек беруді міндет санап келеді.  Колледж директорының орынбасары Баян Жылбаева, оқытушы Жалғас Лесбекұлы бастаған білімгерлер жалғызбасты және көпбалалы отбасының үйлерін аралап, күнделікті тұтынатын азық-түлік себеттерін таратып берді. Оның құрамында 5 келі ұн, 3 литр сұйық май, құрма, нан, шәй және тәттілер бар.

Бұл колледж тарапынан жасалып жатқан биылғы алғашқы қайырымдылық шарасы емес. Ораза басында да осы санаттағы отбасыларына тиісті азық-түліктер үлестірілген болатын.

– Рамазан айында қайырымдылық жасау колледжде дәстүрге айналған. Неше жылдан бері осындай көмек көрсетіп келеміз. Отбасы мүшелері алғыстарын білдіріп жатыр. Бізге одан үлкен сыйдың қажеті де жоқ. Мақсатымыз – қолдан келген жәрдемімізді жасау, – дейді Баян Жылбаева.