Әділетті қоғамға қадам

0 2

Қазіргі заманда қаржы қатынастарының кеңеюі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бұрынғыдан да маңызды етіп отыр. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек мемлекеттік мекемелерге ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ міндет ретінде жүктелген. Қазақстанда жемқорлық тәуекелдерін азайту, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді шаралар тұрақты түрде іске асырылуда.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері заңнамалық негізді жетілдіруге ерекше назар аударып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданып, мемлекеттік қызметте ашықтықты күшейтуге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға нақты қадамдар жасалды. Аталған құжат адал қызмет мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жылдар ішінде жүргізілген реформалар ел экономикасының дамуына серпін беріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартты. Қазақстан халықаралық қауымдастықта сенімді серіктес ретінде танылып, тұрақтылық пен бірліктің үлгісін көрсете алды. Осы жетістіктерді сақтап қалу үшін қоғамдағы жағымсыз көріністермен, соның ішінде жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізу маңызды. Бүгінгі күні заңды бұзған кез келген тұлға жауапкершіліктен жалтара алмайды. Сондықтан әр азамат өз қызметін әділ атқарып, жеке пайдасын емес, қоғамдық мүддені алдыңғы орынға қоюы тиіс. Ар-ождан тазалығы мен жауапкершілік мәдениеті орныққанда ғана елге деген сенім артады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жеке салаға тән мәселе емес. Парақорлықтың алдын алу үшін қоғам мүшелерінің барлығы белсенділік танытуы қажет. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар мен лауазымды қызметкерлер бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізуге міндетті. Мекеме басшылары бақылау, кадрлық және құқықтық құралдарды тиімді пайдаланып, заң нормаларының толық орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Жемқорлықтың таралуына тосқауыл қою – ортақ парыз. Бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана әділетті, сенімді әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға мүмкіндік туады.