Өрт сөндірушілер туралы туындының тұсауы кесілді

0 1

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, публицист Жан Ақжановтың «Өрт сөндірушінің отбасы» – «Семья пожарного» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның ашылуында Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова сөз сөйлеп, авторды жаңа еңбегінің жарық көруімен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Ілияс Жексембаев пен Алмас Жаңалықов сөз алып, кітап туралы пікірлерімен бөлісті. Олар авторға шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да жаңа, көлемді еңбектер жазуына тілек білдірді. Тұсаукесерге қатысқан оқырман қауым автормен жеке сұқбаттасып, қолтаңбасымен бірге «Семья пожарного» кітабын алды.

Жан Мұхарапұлы туындысының жарыққа шығуына тікелей атсалысқан техникалық мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айман Кәкімоваға, №1 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гаухар Ысқақоваға, сондай-ақ №4 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наталья Юрьевнаға ризашылығын білдірді.

«Өрт сөндірушінің отбасы» – қазіргі қазақстандық көркем әдебиет үлгісі. Кітапта өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, жалпы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің жауапты да күрделі жұмысы кеңінен суреттелген.