Қытай ғалымдары британдық әріптестерімен бірігіп Джомолунгманың құпиясын ашты.
Гималай тауында биік шыңдар баршылық. Бірақ бәрі бір-бірімен шамалас. Ал Эверест олардан 250 метрге биік. Ғалымдардың пікірінше, тауға қосымша 50 метр биіктік берген бір құпия бар. Геологтер бұл құпия Арун өзенімен байланысты екенін анықтады. Яғни өзеннің ағыны күшейіп, таудағы тастарды ағызып әкеткен. Нәтижесінде, жер мантиясы көтеріліп, Эверест шыңын биіктете түскен.