Биыл оқу жылының басында пәтер жалдау қымбаттамады

0 4

Жыл сайынғы “дәстүр” бойынша көпшілік пәтер бағасының қымбаттағанын күтетін. Дегенмен, нарықтағы жағдай бұлай болмады…

Тамызда Алматыда пәтер жалдау 1,5 пайызға қымбаттады. Жаздың соңында көрсеткіштің бұлай баяу өсуі соңғы төрт жылда алғаш рет байқалып отыр. Салыстырып көріңіз: 2023 жылы 3,5 пайыз, 2022 жылы 26,6 пайыз, ал 2021 жылы 14,7 пайыз өскен еді.

Бағаның күрт көтерілуін күту орынды. Себебі, Алматыда елдегі барлық жоғары оқу орындары студенттерінің шамамен үштен бірі (187 мың адамға жуық) бар. Олардың көпшілігі басқа қалалардан келетіндіктен, оқу аяқталғанша тұрғын үй жалдайды. Алайда, бұл жолы олардың келуі нарыққа айтарлықтай әсер етпеген сияқты.

Ал Астанада тұрғын үй жалдау бағасы 1,9 пайыз, Шымкентте 2,8 пайыз қымбаттады. Екі жағдайда да өсу қарқыны жоғары болғанымен, студенттер бұған көп ықпал етпеген секілді. Біріншіден, бұл қалаларда студенттер саны әлдеқайда аз – жалпы санның шамамен 25 пайызын құрайды. Екіншіден, бұрын оқу жылының қарсаңында аталған қалаларда баға қатты өспейтін.