Бүгін – Білім күні

0 10

Бүгін – Білім күні. Дәстүрге сай 1 қыркүйекте ел мектептерінде алғашқы қоңырау шарасы өтеді. 

Жаңа 2024-2025 оқу жылында елімізде 352 мың бала бірінші сынып табалдырығын аттайды. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.

Алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

Жалпы 2024-2025 оқу жылында еліміз бойынша 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам бала білім алады.

Биыл 11-сыныпта оқитындардың саны рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.