Елорданың Байқоңыр ауданында қала тұрғындарының демалуы үшін Толстой мен Абыралы көшелерінің қиылысындағы бос жерде жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.
Ойын алаңынан бөлек мұнда workout-аймақ және футбол алаңы жабдықталған. Ойын кешенінің аумағында жаңа асфальт пен тартан жабыны төселді. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жарықтандыру жүргізілді.
– Осы уақытқа дейін бұл жер бос жатқан. Әкімдікке хабарласқаннан кейін, бір жарым айдан соң бізге осы алаң ұсынылды. Аудан әкіміне және оның командасына балаларға қуаныш пен күлкі сыйлағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді, – дейді жергілікті тұрғын Раушан Исақова.
Мұнда балалар арасында футбол байқауы өткізіліп, нәтижесінде қатысушылар медальдармен және футбол доптарымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Байқоңыр ауданы бойынша жыл соңына дейін 117 (45 – жаңа, 72 – жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Қазір олардың 70-і толығымен аяқталды.