Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бірлесіп «Март» сауда ойын-сауық орталығында халықпен кездесу өткізді.
Мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді әрі ашық жүйесін құруды мақсат еткен кездесу барысында ҚР Салық және кеден заңнамасы бойынша егжей-тегжейлі айтылды. Сондай-ақ «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Telegram чат-бот @salyqbot» мобильдік қосымшамалары бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар аталмыш іс-шарада «Жалпыға бірдей декларациялау», дара кәсіпкер ретінде тіркелу және қызметін тоқтату, «мобильдік қосымшаны пайдалана отырып арнайы салық режимі», «БКМ 5 сағаттық белдеуіне көшу», «БКМ чектерін екі тілде басып шығару» сынды мәселелер түсіндірілді.
Кездесу соңында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ белсенді қатысушылар арасында номинанттар анықталып, дипломдармен марапатталды.