Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) болып саналатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсына бастады, декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі – 15 қырқүйекке дейін.
Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар-жоғын көрсетуге арналған. Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйым құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.
2024 жылы декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет. Жыл басынан бері 1,1 млн жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46%-ы декларацияны тапсырған. Оның ішінде декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда, салық төлеушінің кабинеті («cabinet.salyk.kz»), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», «Kaspi.kz», «Halyk», «Вcc.kz» мобильді қосымшалары арқылы тапсырылған.
Декларацияларды ұсыну бойынша ен үздік белсенділікті Ұлытау, Түркістан облыстарының тұрғындары танытып отыр.