Астана күні қарсаңында елімізде «Астана» есімді қанша азамат тұратыны белгілі болды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Астана есімді 24 адам тұрады екен. Өткен жылы елде осы есіммен 26 адам тіркелсе, олардың 9-ы 1998 жылға дейін дүниеге келгені белгілі болды.
Айта кетейік, Астана Қазақстанның елордасы болып жарияланған жылы екі ұлға «Астана» есімі берілген еді. Сонымен қатар бес адам − «Астанай», алты адам – «Нұрастана», үш адам – «Астанали» есімімен аталған. Сондай-ақ елде «Бәйтерек» есімді 40 адам тұрады.