Барлық салада көрсеткіш жоғары

0 7

Жетісу облысында 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 119400,8 миллион теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2,4 пайызға төмен.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 151,5 пайызға өсті. Ал өңдеу өнеркәсібінде 8,5 пайызға төмендеді. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда  3,9 пайызға, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 18,3 пайызға өсті.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 73331,3 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы айларымен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады. Көліктің барлық түрінің жүк айналымы 4 516,0 миллион шақырымға жетті. Жолаушы айналымы 245,2 миллион шақырымды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 60214,7 миллион теңгені құрады немесе 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 188,7 пайызға жетті. 2024 жылғы қаңтар-мамыр айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,7 пайызға өсіп, 83,5 мың шаршы метрге жетті. Көппәтерлі тұрғын үйлер 198,2 пайыз. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,8 пайызға азайды.

Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 84605,0 миллион теңгені құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 121,0 пайызға жетті.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 8294 бірлікке жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға өсті. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6674 болса, облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар саны 6216 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,9 пайызға артық.