«Orda» өніміне сұраныс көп

0 9

Сыр елінде кәсіпкерліктің кілтін тауып отырған азаматтар баршылық. Атап айтар болсақ, Шиелі ауданының тұрғындары ағалы-інілі Нұрбол мен Еркебұлан Есеновтер бүгінде бизнесін жандандырып отыр.

Олар шағын цехта қағазды өңдеп, күніне 1000 қаптама майлық қағаз шығаруда. Қытайдан жеткізілген құрылғылар ағайынды бауырлар өз қаражаттарына сатып алған. Қағаз майлықтың 100 данасы – 140 теңгеден, ал 80 данасы – 110 теңгеден сатылады.

Қазіргі күні Есеновтер тауарын әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, таратып отыр. Бүгінде тұтынушыларының саны өсе түсіпті. «Orda» өніміне қазіргі күні аудан тұрғындарынан бөлек, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану мекемелері көптеп тапсырыс бере бастаған. Болашақта кәсіпкерлер әжетхана қағазын шығаруды да қолға алмақ.