Жеңімпаз – Жамбылдың «Әулиеата» командасы

0 8

Ағымдағы жылдың 20-27 сәуір аралығындаа Қызылорда қаласында көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеге 16 облыс пен қалалардан 190 спортшы қатысты.

Жарыстың топтық іріктеу кезеңінде Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы үздік шығып, жартылай финалда Түркістан облысының «Тұран» командасынан 9:2 есебімен басым түсті. Финалдық кездесуде Алматы облысының көкпаршыларынан 7:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жамбылдық «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды.

Чемпионаттың «Үздік ойыншы» номинациясы жамбылдық Жақсылық Ерғалымға бұйырды.