Қазақстандағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші кеніштерінің көпшілігі Қазақстанның су басу қаупі аз оңтүстік өңірлерінің шалғай жерлерінде орналасқанын хабарлайды. Су тасқыны жағдайы компанияның қазіргі уақытқа дейін уран өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметіне әсер еткен жоқ. Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары өз қызметін штаттық режимде істеп жатыр.
Компанияның қатысу аймақтары зардап шекпегеніне қарамастан, Қазатомөнеркәсіп өз отандастарының қиыншылықтарынан тыс қалмайды. Компания қызметкерлері қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмектесу үшін бір күндік жалақыны аудару арқылы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.
«Біз қазақстандықтардың еліміздің кейбір аймақтарында орын алған ауыр су тасқыны жағдайына қатысты алаңдаушылықтарын бөлісеміз. Ынтымақтастық пен қолдаудың белгісі ретінде компания қызметкерлері зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақы көлемінде қаражат аударуды ұйғарды, осылайша апатқа ұшыраған тұрғындарға көмектесуге лайықты үлес қосты. Компания атынан және өз атымнан көктемгі су тасқынының салдары тез арада еңсерңледі және зардап шеккен өңірлердің тұрғындары қалыпты өмірге оралады деп үміттенемін», – деп түсіндірді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Компания ықтимал төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша қажетті іс-шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізді, жергілікті және мемлекеттік ТЖ органдарымен тығыз байланыста су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылап отырады.
Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік жауапты компания бола отырып, техникамен және қажетті материалдармен көмек көрсетіп отыр. Компания сонымен қатар зардап шеккен аймақтардағы инфрақұрылымды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру үшін қаржылық көмек көрсетеді.