Қаланың көркі вокзалынан білінеді

0 38

Шу қаласындағы теміржол вокзалынан күніне ары-бері 32 жолаушылар поезы өтіп, жолаушылар айналымы тәулігіне 1000-1200 адамды құрайды.

Жолаушылар тоғыз жолдың торабындағы өндірісті қаланың көркін вокзалымен байланыстыра қарайды. Сондықтан да бұл нысан көз тартар көркімен де, жолаушыларға мінсіз қызмет етуімен де ерекшеленіп тұруы тиіс.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек бірінші сыныпты, жалпы алаңы 7035, 6 шаршы метр вокзалдың тіршілігімен танысты.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ұлтық компаниясы» акционерлік қоғамы тарапынан тиісті акт жасалып, күрделі жөндеуге жаба дайындалу үстінде. Қанатбек Қайшыбекұлына жоба бойынша атқарылатын жұмыстар туралы мәлімет берілді. Маңайын абаттандырып, көркейтудің жобасын Шу аудандық әкімдігі дайындаған.