Көкшетауда еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды

0 9

Көкшетаудағы Бірлік шағынауданында еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды.

Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.

«Көкше-Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің көмегімен №22 мектептің жертөле ғимаратынан еріген қар суы сорылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері де бар», – делінген хабарламада.

Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазір еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған.