Кез келген азамат өзін жайлы һәм қауіпсіз сезінуі тиіс

0 7

Атырауда басталған Ұлттық Құрылтайда зорлық-зомбылық, соның ішінде жұмыс орнындағы харассмент мәселесін көтердім.

Зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеу, оның кез-келген түріне ымырасыз болу мәдениетін қалыптастыру тұрғысынан маңызды болғандықтан, тақырыпқа қайта тоқталдық. Заң үстемдігі салтанат құратын елімізде кез-келген азамат жынысына және жасына қарамай өзін жайлы һәм қауіпсіз сезінуі тиіс.

Айтпақшы, біз бұл мәселені қаузап жүргенде қырғыз ағайындар ТМД елдері арасында алғашқы болып Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен харассментті жою туралы» конвенциясын ратификациялап қойыпты.

 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты.