Оңтүстік Корея билігі жастарға үйден шыққаны үшін айына 500 доллар ақы төлемек. Бұл жәрдемақыны қоғамнан оқшауланған 9-24 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер ала алады.
Ел билігі бұл шара оларды оқуға баруға немесе жұмыс табуға ынталандырады деген сенімде. «Жаңа ереже ешкіммен араласпайтын жастарды мектепке оралуға, жұмыс іздеуге және “күнделікті өмірін қалпына келтіруге” ынталандырады», деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның Отбасы министрлігі.
Кореяда 19 бен 39 жас аралығындағы 338 мыңға жуық адам “гермит типіндегі жалғызбасты адамға” айналған. Бұл – Кореяның Денсаулық сақтау және Әлеуметтік мәселелер институтының 2022 жылғы статистикасында айтылған дерек.
Мұндай жасөспірімдер мен жастар бірнеше ай бойы үйде қамалып отыруға, бірнеше ай немесе тіпті жылдар бойы оқудан және жұмыстан қашуға бейім. Бұл Жапониядағы “хикикомори” құбылысына ұқсас, ресми мәліметтерге сүйенсек, Жапонияда “қамауда” отырған жастардың саны миллионға жуық.