Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

0 24

Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының финалында Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңді.

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды. Ұлттық құрама намысты қолдан бермей, Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын алса, Ресей үшінші орынға жайғасты.