Ерұлан Жамаубаев пен Тимур Жақсылықов «Даму» қорының директорлар кеңесінен шығарылды

0 4

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қор» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Бұл жайында KASE хабарлады.

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жалғыз акционердің 13 наурыздағы шешімімен
компанияның директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлаған.

Кеңестен шығарылғандар: Жамаубаев Е.К., Жақсылықов Т.М., Аушарипов Е.С. 

Сайланғандар: Байбазаров Н.С., Қарағойшин Р.Т.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесі бес адамнан тұрады:

Байбазаров Н.С., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Қарағойшин Р.Т., Бөрібаева Г.А.

KAZINFORM.