Президент Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін тағайындады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.