Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалаға жеткізілетін автобустар туралы мәлім етті.
«Қалаға тағы 100 автобус жеткізілді. Олар техникалық дайындықтан кейін бірнеше күннен соң желіге шығады. Бұл автобустар желідегі автобустардың санын арттырады, осылайша күту аралығын қысқартады. Жаңа маршруттар іске қосылып, ескі автобустарды кезең-кезеңімен алмастырады және т.б.
Былтыр қоғамдық көлік паркі 400 автобусқа ұлғайған болатын. Осыған дейін биыл қалаға 100-ге жуық автобус жеткізілді. Биыл барлығы 320 автобус жеткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде жеке автопарктер қаражаты есебінен де қарастырылады» деп жазды Жеңіс Қасымбек.