20 шілдеде Испанияның Сьюдад-Родриго қаласында ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде субұрқақтың бір бөлігі опырылып құлап, жасөспірім қаза тапты.
«Europa Press» агенттігінің мәліметінше, бір топ жас футболшылардың жеңісін атап өту үшін субұрқаққа көтерілген. Сол сәтте субұрқақтың бір бөлігі құлап, 13 жастағы жасөспірім астында қалып қойған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мен дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімнің өмірін аман алып қалуға тырысқанымен, алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Бұдан бөлек, тағы үш адам ауыр жарақат алған.