Адалдық пен әділдік – қоғам тірегі

0 3

Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке деген сенімін әлсірететін, қоғамның рухани және моральдық іргесін шайқалтатын өзекті проблемалардың бірі. Бұл індет тек қаржылық шығын ғана емес, адам тағдырына, мемлекеттік басқару жүйесіне, заң үстемдігіне елеулі зиян тигізеді. Ол заң үстемдігін әлсіретіп, қоғамда әділетсіздік пен теңсіздікке жол ашады.

Қазақстан Республикасы бұл бағытта жүйелі күрес жүргізіп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басты мақсаты – ашық, әділ және жауапты қоғам қалыптастыру. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл салада көптеген құқықтық және институционалдық реформалар жүзеге асырылуда.

Бүгінде елімізде «Адал ұрпақ», «Адалдық алаңы» жобалары арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Мемлекеттік қызмет көрсету салалары цифрландырып, халыққа тікелей байланысты рәсімдер жеңілдетілуде. Бұл – адам факторы мен заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты шаралар. Жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары, білім беру мекемелерінде, сонымен қатар барлық сала қызметкерлерімен адалдық сағаттары, семинарлар, тренингтер өткізіліп, пара берудің де, алудың да қылмыс екені кеңінен насихатталуда. Себебі жемқорлықпен күрес – бір күндік жұмыс емес, бұл ұзақ мерзімді, жүйелі түрде атқарылатын іс.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте ең басты күш – әділдік пен жауапкершілікке негізделген қоғам қалыптастыру. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заңды құрметтесе, ашықтық пен жариялылықты қолдаса, бұл індетті жеңу мүмкін. Себебі  жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың міндеті. Әсіресе жас буынды парасаттылық пен әділеттілікке тәрбиелеу, адал еңбек етуге баулу – бұл күрестегі ең маңызды қадам. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтық пен қолжетімділік, цифрландыру арқылы адам факторының азаюы – жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетіктері.

Әрбір азамат заң алдындағы жауапкершілігін сезініп, өз құқығын білуі тиіс. Сонда ғана біз жемқорлықсыз қоғам қалыптастыра аламыз. Адалдық пен әділдік- біздің басты құндылығымыз болуы тиіс.