«Тараз» ӘКК»-ның қаржылай қолдауын сезініп отыр

0 2

«Тараз» индустриялық аймағы өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға бағытталған арнайы экономикалық аймақ болып саналады. Жалпы мұнда өндіріс тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға және инновациялық саясатты іске асыруға жәрдемдесу мақсатына көп жоба жүзеге асырылуда.

Соның бірі – «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы тарапынан қолдау көріп отырған «Jeti Bulaq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі күні «Тараз» индустриялық аймағындағы «Jeti Bulaq» ЖШС-нің жобасын «Тараз» ӘКК» АҚ қаржылай қолдауымен жүзеге асырып отыр. Мұнда серіктестік жүзеге асырып жатқан «Битум эмульциясын өндіру» жобасы 2023 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын өңірдің жол құрылысы саласына қажетті өнім шығарып, өңір өнеркәсібінің дамуына үлес қосуда. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 9600 шаршы метр өнімнен асады. Он бес жұмысшысы бар шағын ұжым үлкен жұмыс жасап отыр.

Осындай өндірістік жобалар инвестициялық тартымдылығын арттырып, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал ете бастады. Жалпы бүгінде «Тараз» индустриялық аймағында «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар көп. Акционерлік қоғамның қолдауын көріп жатқан компаниялардың қатары да жыл санап арта түскен.