Уақыт алға ғана жылжымайды

0 3

Ғаламда уақыт алға ғана жылжиды деген ұғымды физик Гюнтер Клетечка жоққа шығармақ. Ол уақыт үш өлшемнен тұрады дейді.

Яғни, біз бір бағытпен ғана өмір сүріп жүргенімізбен, басқа бағыттар ар­қылы сол күннің бірнеше нұсқасын кө­ріп, уақыт кеңістігінде «саяхаттауға» бо­лады-мыс. Г.Клетечканың күрделі мате­ма­тикалық формуласы бөлшектердің мас­сасын дәл есептеп, кванттық механика мен гравитацияны біріктіруге жол аша­ды.

Ал, Қытай ғалымдары жарық бөл­шек­терін 37 өлшемді кеңістікте зерттеп, шын­дықтың біз ойлағаннан әлдеқайда күр­делі екенін дәлелдеп отыр. Ғылым енді уақыт пен кеңістікке мүлде жаңа көзқарас қалыптастырмақшы.