1963 жылы Танганьика елінің оқушысы Эрасто Мпемба ойда-жоқта қызық құбылысты аңғарған.
Ол ыстық су мұздатқышта суық суға қарағанда тезірек қатып қалатынын алғаш болып анықтапты. Расымен, таңғаларлық жағдай. Бұл құбылыс кейіннен оның құрметіне «Мпемба әсері» деп аталып кетті. Бір қызығы, ғалымдар әлі күнге дейін осы заңдылықтың нақты себебін толық түсіндіре алмай келеді.