Құпия құбылыс

0 4

Пабло Пикассо сөйлеуден бұрын сурет салуды үйренген. Анасының айтуынша, тілі шыққанда айтқан алғашқы сөзі «Piz!Piz!» яғни қарындаш деген сөз болыпты.

Оның әкесі көркемсурет мектебінде мұғалім болған. Сондықтан Пикассо кішкентай кезінен-ақ дарынды ересектерше сурет сала алатын. Ал есейіп, кемеліне келген шақта ол балалар секілді сурет салды. Кейін кубизм деп аталатын бағыттың негізін қалады. Алғаш болып көгершінді бейбітшілік рәмізі ретінде бейнелеген де – осы кісі.

91 жасында қайтыс болған кезде, Пикассоның артында 20 мың туынды қалды. Ойлаңызшы, 20 мың! Иә бұл – ақылға сыймайтын құпия құбылыс.