Қыста кейбір адамдар көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынады.
«Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» деп жазылған бапта.
2025 жылға бекітілген 1 АЕК 3932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілерге 19660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Өткен жылы айыппұл мөлшері 17250 теңгені құраған болатын.