Нидерланд елі велосипед экспорттаудан көш бастап тұр.
Голландықтар жылына 1,2 млн велосипедті шет мемлекеттерге сатып, одан шамамен 3 миллиард еуродан астам табыс тауып отыр. Халқының саны 17,8 миллион елде көліктің бұл түрі 25 миллионға жуық. Бір ғана Амстердамның өзінде 800 000-нан асады. Тіпті, туристерге де арнайы саяхат бағыттары әзірленген.