Түркиялық әже университетте оқып жүр

0 5

Оқудың ерте-кеші жоқ. Сөзімізге дәлел – 69 жастағы түркиялық Кадрие Ышыклы. Ол қазір Түр­кіс­тандағы Ахмет Ясауи уни­верситетінде білім алып жүр.

Кадрие ханым бұған дейін Түркияда «Туризм» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдап, 20 мемлекетті шар­лаған. Зейнеткердің елімізге келгеніне небәрі 1,5 ай болса да, мемлекеттік тілді меңгеріп қалған. «Ендігі мақсатым – Орта Азия елдерімен танысып, бауырлас халықтың мәдениетін насихаттау», дейді ол.