Таразда «Жігерлі жастар – ел болашағы» атты облыстық жастар форумы өтті. Басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілер, Президенттік және өңірлік кадр резервінің мүшелері мен өңір студенттері қатысты.
Форум мемлекеттік қызметтің мәртебесін одан әрі көтеруді, жас түлектерді мемлекеттік қызметке тартуды, жастарға қолдау көрсету мен олардың әлеуетін арттыруды көздейді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті ұйытқы болды.
– Еліміздің өсіп-өркендеуі, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің І форумындағы сөзінде «Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары» деп атап өткен болатын.
Өздеріңізге мәлім, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белсенді жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту мәселесіне ерекше ден қойып отыр. Осында отырған әрбір жас буынның ел басқару ісіне араласатын уақыты алыс емес. Еліміздің өркениетті даму жолында болашақ жастардан, яғни өздеріңізден күтер үмітіміз зор, — деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Байжұманов, Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, жастарға ағалық ақылдарын айтты.
Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға берілген бірегей мүмкіндік. Өңірде аталған резервтің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалып, жемісті еңбек етуде. Оның бірі – форумда сөз алған «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Берік Манасов. Ол өзінің еңбек жолына тоқталып, тәжірибесімен бөлісті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл өңірлік жастар кадр резерві құрылды. Оған 26 дарынды жамбылдық жас іріктелініп алынды. Бүгінде резерв мүшелері Балаби Түменбаев (Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы) пен Жандос Рүстембаев (Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы) конкурссыз негізде қызметке тағайындалды. Резервшілерді жауапты қызметке тағайындау жалғасады.
– Киелі Әулиеата өңірінің аядай ғана ауылында дүниеге келіп, өзім туып-өскен ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, бүгінде үлкен жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметте тер төгіп жүргенімді мақтан етемін, — дейді Өңірлік жастар кадр резервінің мүшесі Балаби Түменбаев.
Елімізде жас мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын жақсы нәтижемен бітірген студенттер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданады. Өңірде осы мүмкіндікті оқуын сәтті аяқтаған 32 жас түлек пайдаланып, мемлекеттік қызметке орналасты.
Форумның мінберінде мемлекеттік қызметке конкурссыз өткен Байзақ ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Шохрух Гафуров, Мойынқұм ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Айханым Серікова сөз сөйлеп, замандастарын оқуда озат болуға, өңірді өркендетуге үлес қосуға шақырды.
Басқосудың қорытынды бөлігінде жастар өзара пікір алмасып, тағлымды ой түйіп тарқасты.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 35 жасқа дейінгі 1400-ден