Жылына 12 тонна шұжық шығарады

0 7

«Семейные традиции» брендімен шығарылатын шұжық түрлері Алматы мен Жетісу облыстарында кеңінен танымал. Дәмі тіл үйіретін мұндай өнім «Бова» жеке кәсіпкерлігінде өндіріледі.

Компанияның таза еттен жасалатын шұжық түрлерін өндірумен айналысып келе жатқанына 12 жылдан асты. Кәсіпорында шикізат пен өндіріс технологиясына ерекше назар аударылады. Табиғи, экологиялық таза шикізат және жеткізілімді бақылау – бұл өндірістің тағы бір оң көрсеткіші болып саналады.

Жеке кәсіпкер Сергей Бова кәсіпкерлігін өрістету үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгініп, айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Жобаны «Даму» қоры 1-бағыт шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қолдады.

Бүгінгі таңда кәсіпорында жұмыс істейтін еңбеккерлердің басым бөлігі білімді әрі тәжірибелі. Кәсіпорында тұтынушы көңілінен шығатын өнім өндіру мақсатында сапасы жоғары жабдық орнатылған. Шұжық түрлері арнайы тексеруден өткен жергілікті әрі таңдаулы, жоғарғы сортты отандық еттен жасалады. Ет дәмі мен сапасын жоғалтпай өндіруге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолданылады.

Шұжық өндірісінде қолданылатын дәмдеуіштерге де ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, олар өнімнің керемет хош иісін, дәмін айғақтайды. Бүгінгі таңда компанияда шұжықтың 6 түрі шығарылады. Өндіріс қуаттылығы жылына 12 тоннаны құрайды.